Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Хамзин Жеңіс Какибаевич “Үздік педагог” республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы. Құттықтаймыз!
🔺Жеңіс Каккибаевич - педагог-шебер, магистр, облысқа танымал білікті тарихшы. Шәкірттері түрлі сайыстардан жүлделі орын алуда, оқушысы Жармұқан Нұрдаулет пәндік олипиаданың республикалық кезеңінің жеңімпазы.
Былтырғы оқу жылы оқушылары қалалық пәндік олимпиадасында Асқарова Назерке, Меңдібай Алихан, Жармұхан Нұрдаулет I орын, облыстық олимпиадада Алғыс хат, Тастанбек Айгерім, Марат Наргиза қалалық олимпиадада III орындар иеленді. «Менің кіші Отаным» сайысының қалалық кезеңінде Асқарова Назерке I орын ,облыстық кезеңінен Алғыс хат , «Белсенді орта» жоба мектеп оқушылары арасында «Өлке тарихы» облыстық олимпиадасынан 3 орын алды. «Жас тарихшылар» қалалық командалық жарыста Игалиева А., Асқарова Н., Жармұхан Н. I дәрежелі диплом иегерлері атанды. Қайырбай Диляра «Мен болашақ кәсіпкермін» атты қалалық сайыста 2 орын алды. Оқушылардың ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңінде жылдағыдай жоғарғы нәтиже 9 Д сыныбының оқушысы Меңдібай Алихан I орын, Бексигурова Айгерім - 9 Д сыныбының оқушысы III орын алды. Сонымен қатар ұстаз әрдәйым шығармашылық жұмыспен айналысып Республикалық,облыстық деңгейде танымал. Облыстық «Педагогикалық идеялар понарамасы» конкурсында II дәрежелі диплом, Ақтөбе қаласында өткен
республикалық «Үздік ашық сабақ» атты педагогикалық байқауында I дәрежелі диплом, «Мектеп 4,0: Сабақты тиімді құрылымдау тәсілдері» аймақтық форум аясында өткізілген «Заманауи SMART педагог» олимпиадасында I орын иеленді. Облысымыздың үздік ұстаздары қатарында болуы ерен еңбектің, педагогикалық шығармашылық пен шеберліктің жоғарғы деңгейде болуының нәтижесі. Республикалық кезеңге сәттілік!✊