Мақсаттары:
1) әрбір білім алушылардың жеке мүдделерін, оқу жетістіктерін және әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып, саналы кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындау;
2) білім алушылардың және олардың заңды өкілдерін мамандық таңдауға психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1) әрбір білім алушының кәсіби бағдарын диагностикалау;
2) білім алушылар мен олардың заңды өкілдерін кәсіби өзін-өзі анықтаудың және мансаптық жоспарлаудың негізгі принциптерімен таныстыру;
3) әрбір білім алушыға мамандық таңдауда көмек көрсету және мүмкіндіктерін жеке мамандықтарға қойылатын талаптармен салыстыру;
4) мектепте жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдарлау жұмыстарына және түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтау нәтижелеріне мониторинг жүргізу.
Бағыттары:
1) кәсіптік ақпараттандыру;
2) кәсіптік диагностика;
3) кәсіптік кеңес беру;
Оқушы білу керек:
- кәсіби өзін-өзі анықтаудың мәнін;
- жеке кәсіптік жоспарды дайындауға қойылатын талаптарды;
- орта мектепте бейіндік пәндерді таңдау ережелерін;
- кәсіптер мен мамандықтар туралы түсініктер;
- мансап тұжырымдамалары, еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы формалары мен әдістерін;
- Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу ережелерін.
Оқушы орындай алу керек:
- жеке қасиеттерді белгілі бір мамандықтың талаптарымен салыстыру, жеке кәсіптік жоспар құру және оны мобильді түрде өзгерту;
- нарық жағдайында кәсіптер мен қазіргі заманғы формалар туралы ақпаратты талдау;
- кәсіптік білім алу жолдары туралы мәліметтерді пайдалану.
№ |
Жұмыстың кезеңдердің қысқаша мазмұны. Іс-шаралар атауы |
Өткізілу формасы |
Қатысушылар |
Мерзімі |
Жауаптылар |
Кәсіптік ақпараттандыру |
|||||
1 |
Түлектердің оқуға түсу қорытындысы бойынша ақпараттық деректерді дайындау |
Анықтама |
9, 11 сынып |
қыркүйек |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
2 |
2024-2025 оқу жылына 1-11 сынып оқушыларының тізімін құру |
Тізім жинақтау |
1-11 сыныптар |
қыркүйек |
Сынып жетекшілер, кәсіби бағдар беруші педагог |
3 |
Оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтау |
Пікір алмасу |
9-11 сынып |
қыркүйек |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
4 |
«Мен өскенде кім боламын?» тақырыбында сурет салу |
Сурет көрмесі |
1-2 сыныптар |
қараша |
Сынып жетекшілер Кәсіби бағдар беруші педагог |
5 |
«Мен ұстазымды мақтан етемін!» ашық хаттар әзірлеу |
Анықтама |
3-4 сыныптар |
қазан |
Сынып жетекшілер Кәсіби бағдар беруші педагог |
6 |
Кім боламын? Рөлдік ойындар |
Қойылым дайындау |
4 сынып |
желтоқсан |
Сынып жетекшілер Кәсіби бағдар беруші педагог |
7 |
«Керек дерек» |
Тимбилдинг |
7-8 сынып |
Желтоқсан |
Кәсіби бағдар беруші педагог Мектеп психологы |
8 |
«Мамандық таңдау-маңызды іс». |
Дөңгелек үстел |
10-11 сынып |
желтоқсан |
Кәсіби бағдар беруші педагог Сынып жетекшілер |
9 |
«Дұрыс таңдалған мамандық – табысты болашақтың кепілі» |
Интернет сайттармен жұмыс |
9-11 сынып |
қаңтар |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
10 |
Оқу орындарына, аймақтық кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру |
Экскурсия |
9-11 сыныптар |
Жыл бойы |
Кәсіби бағдар беруші педагог Сынып жетекшілер |
11 |
«Мамандықтар калейдоскобы»
|
Рейтингпен таныстыру |
9-11 сынып |
ақпан |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
Кәсіптік диагностика |
|||||
1 |
Бейіндік оқытуда Е.А. Климовтың әдісі бойынша оқушылардың кәсіптік типін анықтау
|
Анықтама |
11 сынып 10 сынып 7 сынып 8 сынып 9 сынып |
Қазан Қараша Желтоқсан Қаңтар Ақпан |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
2 |
Мамандық таңдау бойынша сауалнама |
Сауалнама |
9-11 сынып |
Қыркүйек |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
3 |
Ата-ананың мамандық таңдауға ықпалы |
Кеңестер, жадынамалар беру |
9-11 сынып |
Желтоқсан ақпан |
Кәсіби бағдар беруші педагог Мектеп психологі |
4 |
Алдын ала бағыт беру аясында диагностика өткізу (Қызығушылық картасы, Ойлау типі) |
Тест (сұраныс бойынша) |
9,11 сынып |
Қаңтар |
Мектеп психологі Кәсіби бағдар беруші педагог |
5 |
«Мамандық таңдау – маңызды қадам» - 9, 11 сыныптарда кәсіптік өзін-өзі анықтау саласын түзету; - мамандық таңдауда көмек; - Мамандықтар әлемін баяндайтын әдебиеттермен танысу |
Көрме |
10-11 сынып |
Наурыз |
Мектеп психологі Кітапханашы Кәсіби бағдар беруші педагог |
Кәсіптік кеңес беру (Дамытушылық) |
|||||
1 |
«Мамандық таңдау – болашақтың кепілі» «Мамандықтар әлемі» «Менің болашақ мамандығым» «Кім боламын?» тақырыбында сынып сағаттарын ұйымдастыру |
Тәрбие сағаты |
1-11 сынып |
Наурыз |
Сынып жетекшілер Кәсіби бағдар беруші педагог |
2 |
«Мамандық таңдау – болашаққа үңілу емес, өзінің ішкі дүниесіне үңілу» |
Эссе |
8 сынып |
Сәуір |
Пән мұғалімдері Кәсіби бағдар беруші педагог |
3 |
«Мамандықтар әлемін ашамыз» мектепішілік форум |
Байқау жоба |
6-11 сынып |
Сәуір |
Сынып жетекшілер Кәсіби бағдар беруші педагог |
4 |
«Мамандықтар әлемі» |
Қабырға газеті |
7 сынып |
қаңтар |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
5 |
ПрофиTime. Маман иелерімен кездесу. |
Кездесу |
9-11 сынып |
Қаңтар |
Кәсіби бағдар беруші педагог |
6 |
Оқушылармен кәсіптік бағдар беру ойындары мен тимбилдинг өткізу |
Тимбилдинг, ойындар |
9 сынып |
Мамыр |
Кәсіби бағдар беруші педагог Сынып жетекшілер |
7 |
Кәсіби бағдар бойынша ақпаратты сайтқа орналастыру |
|
9-11 сынып |
Жыл бойы |
Кәсіби бағдар беруші педагог Сынып жетекшілер |