"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

1-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бағытындағы шаралар мен жұмыстар

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының  кәсіби бағдар бойынша

1-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бағытындағы шаралар мен

жұмыстар жүргізілгендігі туралы  

Анықтама

2023-2024 оқу жылының жылдық жоспарына сай кәсіби бағдар бойынша қыркүйек айында 1-11 сынып оқушылар тізімі құрылып жинақталды.  Қыркүйек айында 9,11 сынып  оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтауға байланысты пікір алмасу жүргізілді. Сонымен бірге сауалнамалар алынды. Нәтижесінде жалпы сауалнамаға қатысқан оқушылар саны-202 оқушы. Оның-132-сі 9-шы сыныптар, 70-сі 11 сыныптар. Сауалнамаға мектеп оқушылары 9-11 сыныптар бойынша толық қамту қарастырылды. Оқушыларға ашық түрде беріліп, қорытындылары жинақталды. Ұсыныстар: Мамандық таңдау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуін жалғастыру. Жеке оқушылармен мамандық таңдауына бағыт бағдар кеңестер беруді жолға қою. Мамандық таңдауда оқу орталықтарынан түсіндірме жұмыстарын жан-жақты ақпараттандыру. Экскурсия колледж,универлармен байланыс орнату ұсыныстары берілді.

2023 жылдың 2-ші қазан күні мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты Алматы қаласы Алматы Менеджмент Университеті өкілі Абдуллаева Аружан Сагадатовна «Біз бірге жасайтын болашақтың бір бөлігі бол» универ мамандық түрлерімен таныстырып, рейтингтер және аккредитациялар, халықаралық ынтымақтастық, алмасу бағдарламалары, қос диплом, білім беру бағдарламасы мен бейіндік пәндер,универдегі гранттар мен жеңілдіктер, студенттік ұйымдар туралы айтып өтті. Қатысқан оқушылар саны-97.

2023 жылдың 12-ші қазан күні мектеп-гимназиямыздың 1-2 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беруге байланысты «Мен өскенде кім болам» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Әр оқушының мамандық иесі болуға деген қызығушылығын салған суреттерінен көруге болады. Бірі мұғалім, бірі дәрігер, бірі өрт сөндіруші, бірі құрылысшы, бірі дизайнер, бірі суретші, бірі футболшы болуды армандаған. Тіс дәрігері, балалар дәрігері, кондитер өнімдерін шығарушы, бірі дүкенші, биші, бірі аспаптарда ойнауды көрсеткен. Бала қиялы болашаққа сәл болсада із қалдырып, сол іздің жалғасуына отбасы және мектеп болып демеушілік орнатсақ болашақ ұрпақтың мамандық таңдауына жол көрсетеріміз анық. Салған суреттеріне көз тояр емес баланың қызығушылығы суреттерінен көрініп тұр.

2023 жылдың 19-шы қазан күні мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты БҚИТУ униврситетінен аға оқытушы тренер Кабибулла Кенжеевич  Жанияров универдің мамадықтары мен бір неше жеңілдіктері туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар универдегі мамандықтар туралы сұрақтарын қойып, жауаптарында алды. Қатысқан оқушылар саны-102.

2023 жылдың 9-шы қараша күні қалалық кәсіби бағдар беру педагогтеріне А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінде «Болашағым-мамандығым» атты экскурсиялық-танымдық шара оздырылды. Мақсаты: 2024-2025 оқу жылына  қабылданатын мамандықтар  бойынша мағлұматтар беру, мектеппен тығыз байланыса отыра, білім алушыларды дұрыс мамандық таңдауға, жастардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру. Колледж басшысы А.А.Мустафин «Колледждің бүгінгі ахуалы» бойынша сөз сөйлеп ашты. Жол саласы бойынша ақпараттар берілді. Колледждің аға оқытушылары әрі қарай мамандықтар бойынша таныстырылым жасады. Соңында пікір алмасып, практикалық бөлім бойынша колледжге экскурсия жасалды.

2023 жылдың 13-23 қараша аралығында Бейіндік оқытуда Е.А. Климовтың әдісі бойынша оқушылардың кәсіптік типі мен мамандыққа бағыттылығын анықтауға байланысты сауалнама алынды. 9-11 сыныптар қатысты. Бұл сауалнама нәтижесінде әр сыныпта отырған оқушылардың мамандыққа деген бағыттылығы анықталды. Жеке оқушыға мамандық түрлері шыққан нәтижелері толықтай айтылды.

Ұсыныстар: бағыттары бойынша оқушыларға мамандық түрлерін жете меңгеру, экскурсиялар мен кәсіпорындарға апару, маман иелерімен кездесу жұмыстары жалғасын табады.

2023 жылдың 14-ші қараша күні мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты БҚИТУ университеті ашық есік күніне шақырды. Универдің аға оқытушы тренер Кабибулла Кенжеевич  Жанияровтың қолдауымен экскурсиялық-танымдық шараға оқушыларымызбен барып қатыстық. Мақсаты: мамандық түрлерімен таныстыра отырып мектеппен байланыс орнату, түлектердің дұрыс мамандық таңдауына жол көрсету. Бұл универдегі мамандықтар түлектеріміздің таңдап отырған мамандығына сәйкес келеді. Оқушыларымыз таңдаған мамандықтары бойынша толықтай ақпарат алды. Барған оқушылар саны-15.

2023 жылдың 27-ші қараша күні мектеп-гимназиямыздың 3-4 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беруге байланысты «Мен ұстазымды мақтан етемін» тақырыбында ашық хаттар көрмесі ұйымдастырылды. Ұстаз мамандығы-барлық мамандықтың анасы. Сондықтан  басқа мамандық иелерінің  баршасыда ұстаздарға борыштар. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын адам жоқ. Бұл орайда оқушының бойынан ұстазға деген құрмет, ұстаз мамандығына деген қызығушылықты, алғыс айтып жазған ашық хаттарынан байқауға болады. Ұстаздық-ұлы тұлға екендігін бойларына сіңіре білген шәкірттердің өз ұстазына тілеген жылы тілек-лебіздері ұстаздың берген білімінің жоғары сыйлы екендігі көрініп тұр. Мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып оқушылары осы ұстаздардың берген білім, тәлім-тәрбиесіне ризашылық пен алғыстарын білдірген: Анаргүл Мақсотқызы, Гүлбану Маратқызы, Жарқынай Сапарқызы, Нұргүл Болатқызы, Ақмаржан Асқарқызы, Марал Байдукқызы, Гүлнафис Серікқалиқызы, Гүльфира Амангелдіқызы, Салтанат Ғаділбекқызы мектеп-гимназиямыздың білікті ұстаз мамандарының шәкірт тәрбиелеудегі еңбектері еселене берсін!

2023 жылдың 1-ші желтоқсан күні мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты Алматы қаласынан Логистика және көлік академиясы университетінің өкілі Аслан Эльдар Ардақұлы мамадықтары мен ALT әскери кафедрасында оқу, тегін тіл үйрету курстары, 100% студенттер үйінде тұру, мемлекеттік гранттан бөлек гранттар, екі диплом алу мүмкіндігі, 50 президент-рекорт гранты, әлеуметтік қоржын бір неше жеңілдіктері туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысқан оқушылар саны-91.

2023 жылдың 7-ші желтоқсан күні мектеп-гимназиямыздың 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты Жоғарғы инженерлік-технологиялық колледжі ашық есік күніне шақырды. Мектебімізден колледжге түсу ойлары бар 11 оқушымен бардық. Бүгінгі  сапалы білім-ертеңгі жарқын келешек демекші. ЖИТК ашық есік күнінің бағдарламасы: 10:00-10:20-Тіркелу. 10:30-11:30-Ашылу салтанаты. 11:30-12:30-Концерттік бағдарламамен аяқталды. Бұл колледждің талантты студенттері мен оқытушы ұстаздары  оқушыларды қарсылап, мамандық түрлерімен көрме таныстырылымы ұсынылды.

2023 жылдың 7-ші желтоқсан күні мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Мырзабаева Аяжан Мырзахметовна мемлекеттік қызмет істері бойынша мамандық түрлерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысқан оқушылар саны-88.

2023 жылдың 26-шы желтоқсан күні мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты Алматы қаласы КНБ Погран Академиясының курсанты Турумбетов Ерсұлтан Тулегенович Академия мамандықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп таныстырды. Ерсұлтан мектеп-гимназиямыздың түлегі. Өз мектебіне мамандық туралы таныстырылым жасауда, мектепке деген сағынышын ұстаздары мен мектеп директоры Бибігүл Сәуірқызына алғысымен жеткізді. Мектептегі еркеліктің бәрі қалатыны, қазіргі таңда курсант студенттік өмірде ой-өрісінің өзгеріп, жаңаша көзқарастың қалыптасып жетілуі адами тұрғыда есеюге әкелетінін ашыла айтты. Тәлім-тәрбие берген, мамандыққа бағыт беруде ұстаздарына ризашылығын білдірді. Қатысқан оқушылар саны-85.

2023 жылдың 27-ші желтоқсан күні мектеп-гимназиямыздың 4 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жоспары аясында «Кім боламын?» рөлдік ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар мыңдаған мамандықтардың, өзіне ұнайтын мамандықты рөлдік ойындар, сұхбаттасу арқылыда өз ойларын ортаға салды. Бірі дәрігер, бірі құрылысшы, бірі аспазшы, бірі мұғалім, биші, гимнастика шебері, бірі аспазшы, бірі суретші,бірі блогер болуды армандайды. Бала қиялы санқырлы болсада, өз қабілеттерін ашу мен тынбай еңбектенуде білімді жетілдіру керек екендігі айтылып, сұрақ-жауаптар барысында кеңестер берілді.

2024 жылдың 9-шы қаңтар күні мектеп-гимназиямыздың 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты Қарағанды қаласынан «Жас ұлан» әскери мектебінің курсанттары Жастілек Абылайхан және Нұр Арман әскери мектеп погран мамандықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп таныстырды. Абылайхан мен Арман мектеп-гимназиямыздың түлегі. Өз мектебіне мамандық туралы таныстырылым жасауда, мектепке деген сағынышын жеткізе отырып, сабақ берген ұстаздарына алғыс пен ризашылығын білдірді. Мектептегі еркеліктің бәрі қалатыны, жеңіл өмір сүруден көрі, еңбек пен күш жігерді дұрыс қалыптастыру өзімізден басталатыны, қазіргі таңда курсант студенттік өмірде ой-өрісінің өзгеріп, жаңаша көзқарастың қалыптасып жетілуі адами тұрғыда есейіп қана қоймай, болашаққа көз жіберу, өз еліне қызмет қылу, тәртіп пен тәрбиенің орны оразан зор екендігін айтты.

2024 жылдың 10-шы қаңтар күні мектеп-гимназиямыздың 11сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты Орал қаласы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нен информатика пәнінің оқытушысы Амантурина Гульмира Калдановна  универ мамандық түрлерімен таныстырды. ЖОО-ң  стандарт талабына жауап беретін жоғары білім кепілі бола алатынын, бірнеше мүмкіндіктер: 3 студенттік жатақхана және 1 студенттер үйі, 2 ашық спорт алаңы, ғылыми үйірмелер, байқаулар, әскер кафедра бар екендігін аша айтты. Факультеттер бойынша бөлінген мамандықтарға тоқталды. Педагогикалық факультет, жаратылыстану-география факультеті, физика-математика факультеті, филология факультеті, тарих, экономика және құқық факультеті, мәдениет және өнер факультеті туралы жеке-жеке тоқталды. Оқушылар сұрақтар қойып жауаптарын да алды. Қатысқан оқушылар саны-102.

2024 жылдың 12-ші  қаңтар күні мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар алуға байланысты БҚО Полиция департаменті бөлімінде кездесу ұйымдастырылды. БҚО ПД кадр саясаты басқармасының инспектор полиция капитаны Жанар Мадиевна қарсы алып,  түлектерімізді бөлімнің акт залына жинады. Кездесуге БҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Сағын Қадыржан Ерсайынұлы сөз бастады. Оқушыларға болашаққа деген көзқарастарың мамандықты қаншалықты дұрыс таңдау керек екенін айтты. Қазіргі таңда мектепте екі міндет: бірінші тәртіп, екінші білім алу. Осы екі міндетті атқарудасыздар. Ал болашақ мамандық әр оқушы өз жүрек қалауымен барып оқуы қажет. Біздің мамандығымызға сәйкес Қарағанды акдемиясы және Алматы қаласы погран академиясының мамандықтарына тоқталды. Одан кейін БҚО ПД бастығының орынбасары сөз алып жалғастырды. Бұл жерде сіздер болашақта тәртіп пен мемлекетке яғни халыққа адал қызмет атқарасыздар. Оқушылар сұрақтар қойып, жауаптарында алды. Барған оқушылар саны-5.

2024 жылдың 18-ші  қаңтар күні мектеп-гимназиямыздың 9 сынып оқушылары Орал «Сервис» технологиялық колледжі МКҚК-не ашық есік күніне шақырылды. Колледж өкілі Ахметова Бахытгуль Сергеевна қарсылап, тамақтандыруды ұйымдастыру «Аспаз» тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу «Арнайы тігінші», «Модельер-конструктор» және Шаштараз өнері «Шаштараз стилисті» мамандықтары туралы кабинет, көрмелерімен таныстырып өтті. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауапта берді. Колледжге кірген кезден аурасы, оқушыларға мамандық түрлері ұнай бастады. Бұл мамандықтардың қазіргі таңда сұранысқа ие екенінде білді. Барған оқушылар саны-11.

Қорытынды: Бұл кәсіби бағдар бойынша жасалып, жүргізілген жұмыстар І-ші жарты жылдық пен қаңтар айында өткізілген шаралар болып табылады. Болашақ мамандығына дұрыс бағыт беруде оқушыларға кәсіби бағдар бойынша жүргізілген жұмыстар, шаралар экскурсиялар жалғасын табады.

 

Кәсіби бағдар беруші педагог:  Мусина Альфия Армановна

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:131780 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:129735 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:130864 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:38969 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:119614 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:132121 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:39402 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Оралбаева Айшолпан Умарқызы

29-09-2023 Hits:38674 Администрация editors

Оралбаева Айшолпан Умарқызы
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:39441 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:39090 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:38867 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz