Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жиналысының хаттамасы
Хаттама №2
Өткізілген уақыты: 22.11.2018
Қатысқандар: Батырбекова Қымбат Сагитовна -қамқоршылық кеңес мүшесі
Тажмуханова Айгуль Кенжегалиевна - қамқоршылық кеңес мүшесі
Капушева Венера - қамқоршылық кеңес мүшесі
Бахтиярова Раушан –қамқоршылық кеңес мүшесі
Мырзашева Эльмира Набиуллиновна - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Кудасова Акмарал Серикбаевна – асхана меңгерушісі
Айтжан Ботакөз Талғатқызы- әлеуметтік педагог
Күн тәрбінде:
1. Асхананың қазіргі таңдағы жағдайы туралы хабарлама
Хабарламашы Кудасова Акмарал
2. Мектептің жалпы оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыру туралы.
Бірінші мәселе бойынша сөз Кудасова Акмаралға берілді.
- Мектеп асханасын ТОО «Отау-Алан» жалға алып отыр. Жалпы бірдей білім беру қорынан 1-4 сынып оқушылары -100тг, аз қамтылған оқушылар -150 тг-нің тамағын ішіп отыр. Ас мәзірін қалалық білім беру бөлімі бекітеді. Сол мәзір бойынша ешқандай өзгертусіз дайындалады. Буфетте сатуға болмайтын тағамдар сатылмайды. Оны үнемі қатаң сақтап отырамыз және мектеп әкімшілігі тексеріп отырады.
Бірінші мәселе бойынша Батырбекова Қымбат Сагитовна сөйледі.
-Мектеп асханасын тексеріп шықтық. Тамақтану кестесі құрылған. Сол бойынша оқушылар уақытымен тамақтанады. Оқушылардың қол жуатын жерлері бар. Айтатын ескертуіміз тамақ ішетін қасықтар столдың үстіне салфеткамен немесе қасық салғыштарда қойылса. Әр бір бала өздері алатындай. Сосын қазіргі таңда 100тг, 150 тг ге сиятын тамақ болу мүмкін емес сияқты. Оның сапасы да төмен болады. Сондықтанда қалалық білім беру бөлімінің тендер ойнатылған кезде бағасын жоғарлату керек деп ойлаймын. Осы ұсынысты тиісілі жерлерге жеткізіліп шешім шығарылса.
Екінші мәселе бойынша сөз Мырзашева Эльмира Набиуллиновнаға берілді.
- Мектепте оқушылар 8-9 сабақ болуына байланысты оқушыларға 6 сабақтан кейін ұзақ қоңырау беріліп отыр. Соған байланысты ата-аналардың ұсыныстары ақылы ыстық тамақ ұйымдастыру. Ыстық тамақ ұйымдастыру мүмкін бе? Қандай сомада болу керек? Сол туралы ұсыныстарыңызды айтып отырсаңыз.
Екінші мәселе бойынша Тажмуханова Айгуль Кенжегалиевна сөйледі.
- Әрине өте орынды ұсыныс. Оқушылар көбіне денсаулықтарына зиян тамақтарды сатып алып жатады. Кейде ақшалары болмай жатады. Сондықтанда алдын ала оқушыларға сауалнама жүргізіп, ішкілері келетін тамақтар туралы білу қажет. Сосын құны қаншаға шығатынын білу керек деп ойлаймын.
Қаулы:
1. Асхананы тексеру барысында айтылған ұсыныстарды болашақта ескерілсін және оны орындау асхан меңгерушісіне жүктелсін.
2. Ақылы ыстық тамақты ұйымдастыру үшін сауалнама жүргізу әлеуметтік педагогқа жүктеліп, құны анықтап шығарылсын.
Жиналыс басшысы: Э.Н.Мырзашева
Хатшысы: А.К.Тажмуханова