"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Қамқоршылық кеңесі мүшелері жиналысының хаттамасы

№44 мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңесі мүшелері жиналысының хаттамасы

Хаттама №3

Болған уақыты: 27.03.2019

Қатысуға тиісті: 13

Қатысқандар: 13

Күн тәртібінде:

1.2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет. Мәлімет беруші қамқоршылық кеңес төрайымы Қазбекова Лайлим Казбековна

2. Алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып өту.

Бірінші мәселе бойынша сөз Қазбекова Лайлим Казбековнаға берілді.

-2018-2019 оқу жылының басында қамқоршылық кеңес мүшелерінде өзгерістер енгізіліп, жаңа құрам сайланды. Қамқоршылық кеңестің мүшелерінен талапқа сай барлық құжаттары жинақталды. Оқу жылының басында биылғы жылға жоспар жасалып, бекітілді. Сол жоспарға сәйкес мектепте атқарылып жатқан шарларға өз үлесімізді қосудамыз. Қырқуйек айында оздырылған денсаулық күнін ұйымдастыруға атсалыстық. Мектептің асханасына жауапты қамқоршылық кеңес мүшелері уақытылы тексеріліп тұр. Асхана бойынша ата-аналар тарапынан түскен сұрақтарды тексеріс барысында анықтап, жауап берілді.

Сабаққа кешігетін оқушылармен жұмыс барысында бірінші жарты жылдық бойынша рейтинг шығарылып, оқушылармен және олардың ата-аналарымен сөйлесіліп, ескерту жасалды.

Жаңа жыл кешін тойлауда аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына аяз-атаның қапшығына салынатын сыйлықтарды алуға көмектесілді.

Республикалық ғылыми жоба сайысына барып жүлделі орын алып келген Орынғалиева Қымбатқа және Каресов Элдарға естелік сыйлық алу үшін демеушілік жасалды.

8 наурызға байланысты мектепішілік «Гимназия ару-2019» сайысына қатысушыларды қолдап барлық қыздарға шағын сыйлық және бас жүлде мен инстаграмм аруына 5000 теңгеден сертификат берілді.

Соңғы наурыз мерекесін тойлау онкүндігі аясында мейірбандық акциясында аз қамтылған, көп балалы отбасыларына азық-түліктермен көмектесілді. Осы атқарылған жұмыстарға жұмсалған қаражат арнайы есепшот болмағандықтан ақша жиналмай, өз еріктерімен демеушілік жасаған ата-аналар арқылы атқарылды.

Екінші мәселе бойынша алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып өту үшін сөз Макашева Эльмира Жұмажанқызына берілді.

-Алда жоспар бойынша атқарылатын жұмыстар бойынша бөлінген жауапты қамқоршылық кеңес мүшелері өз міндеттерімізді атқарайық. Жылдың соңында ұйымдастырылатын жыл үздіктерін анықтауға мектеп әкімшілігімен бірігіп оқушыларға қолдау көрсетіп жақсы етіп өткізуіміз керек. Сонымен қатар сәуір айында мектеп ауласына тал егу жұмыстарына барлық сыныптың ата-аналарына алдын-ала хабарландыру жасалу керек. Барлық сынып ата-аналары қамтылуын қадағалсын.

Жарыс сөз

Сөз Мулдашева Ольга Закировнаға берілді

-Жоғарыда атқарылған жұмыстарға көңіліміз толады. Мектептегі әр шараның ұйымдастырылуына көбірек атсалысуымыз керек. Ол өзіміздің балаларымыз үшін. «Көш жүре бара түзеледі» демекші бастамамыз жаман емес деп ойлаймын. Ата-аналармен көбірек сөйлесіп, ұсыныстарын білуіміз керек. Болашақта арнайы есепшотымызды ашып, құжаттарымызды дұрыстау керек деп ойлаймын.

Қаулы:

1. Қамқоршылық кеңестің жоғарыда айтылған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.

2. Жоспар бойынша екінші жарты жылдықта атқарылатын жұмыстар ды ұйымдастыру жауапты қамқоршылық кеңес мүшелеріне жүктелсін.

Жиналыстың төрайымы: Казбекова Л.К.

Хатшысы: Мырзашева Э.Н.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:135145 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:132811 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:134079 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:41819 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:122659 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:135306 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:42337 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Оралбаева Айшолпан Умарқызы

29-09-2023 Hits:41547 Администрация editors

Оралбаева Айшолпан Умарқызы
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:42377 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:41994 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:41781 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz