44 мектеп-гимназиясында "Таза болса табиғат, аман болар адамзат" тақырыбындағы жаратылыстану пəндерінің апталығы аясында 28 ақпан күні 6-сыныптар арасында "Қалдықсыз өнім" атты конференция сабағы өтті.
Конференция сабағының басты мақсаты: Оқушыларды қайта өңдеу орындарының жұмысымен таныстыру, табиғатты таза ұстауға жəне қалдықтардан пайдалы өнім алуға болатындығы туралы түсінік беру.
Конференция сабағы барысында белсенді болған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Өткізген:
биология-химия пəнінің мұғалімі Апакаева В.Т., химия пəнінің мұғалімі Кабылкайрова Г.А.