КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

"Адал ұрпақ" жобасы ақпараттық-ағартушылық штабтары жұмыстары аясындағы тікелей эфир

Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 16 сәуір күні сағат 11:00-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы жұмыс бағыты бойынша мектеп басшысы Тлекенова Бибигуль Сауровна ата-аналар мен оқушыларға Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының You tube каналында тікелей эфир өткізді.
Тікелей эфир сілтемесі: 👇👇👇 https://www.youtube.com/watch?v=yOM55_ux8ic
🔵 Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» - деген болатын.
🟡 Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектепте қалыптастыру баршаның міндеті. Осы орайда, Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру барысы және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары жүргізілуде.
🔴 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы бұйрығын басшылыққа ала отырып, Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің тағайындау, міндеттерін жүктеу туралы бұйрықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары құрылып, жүйелі жұмыс жасалуда.
🟢 Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында құқықтық сауаттандыру, адамгершілік-этикалық құндылықтар негіздерін қалыптастыруды көздейтін шаралар өткізілуде.
🟣 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда тәрбие бөліміне көмектесу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайтатын және дәріптейтін «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, құрамына мектептің белсенді оқушылары бұйрық негізінде енгізілді. Ұйым мүшелері салтанатты түрде Ант қабылдап, куәліктерге ие болды.
🟤 «Адал ұрпақ» ұйымының жоспарына сәйкес, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенімділік құндылықтарын сіңіруге, рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Адалдық сағаттары өткізіліп, оқушылардың пікірлері тыңдалып, талданып отыр.
🟠 «Адал-ұрпақ» тобының жетекшісі Шиганбаев Ерекен Өмірзақұлы «Парасатты азамат» бұрышын жасақтап, оқушылардың назарларына Отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және мәдениеттеріне құрмет тұтуға, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру, адал еңбек ету керектігі туралы құнды ақпараттармен бөлісті.
🔴 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында «Сенім телефоны» жеке және заңды тұлғалардың арыздарымен хаттарына арналған почта жәшіктерін Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Айтжан Ботагөз Талғатқызы орналастырды. Барлық сыныптарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен жолданған бейнебаяндарды тәрбие сағаттарында қолданып, оқушылармен пікір-талас жүргізіп, кері байланыс алды. Өткізілген шаралар мектеп сайтына, фейсбук, инстаграмм желілеріне жарияланды. 
🔵 «Адал ұрпақ - болашақ негізі» атты тақырыпта мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен әр жиын аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты, патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында сауатты болуға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында мағыналы мағлұматтар, тәлім-тәрбиелі шара болды.
🟡 Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты сурет көрмесі құқықтық сананы қалыптастыруды көздеп, адалдыққа,  шыншылдыққа тәрбиелеу  мақсатында өтті. Көрмеге 5-8 сынып оқушыларының суреттері қойылып, жеңімпаздар мектепшілік лездемеде мақтау қағазымен марапатталды.
🟣 Өскелең жас ұрпақты өмірде адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісімен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу мақсатында еліміздегі барлық мектептерде өтіп жатқан "Адалдық дүкені" Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 6 қараша күні жұмыс жасады. Адалдық алаңында оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын арнайы жәшікке қалдырды. Бұл жерде ешкім сатып алушыларды бақыламайды және тауардың ақшасын төлемей алып кетуіне кедергі жасамайды. Барлығы сенім мен адалдыққа, оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігіне бағытталған.
🟢 Бұл тәжірибе әлемнің кейбір мемлекеттерінде жүзеге асуда. Бұндай жоба - болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі тиімді шаралардың бірі екендігі анық.
🟠Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне де ерекше көңіл бөлген. Бұндай дүкендерді енгізу оқушылардың жақсы қасиеттерін дамытып, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге мол мүмкіндік берері сөзсіз.
🟤 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісінің ұйымдастыруымен қаңтар айының 25-і күні «Қоғамдағы тәртіп негіздері» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөздерімен басталған пікірталас оқушылардың өз ойларын еркін жеткізу арқылы мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «ҚР құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздер мағынасына ұғынуды көздеді.
🔴 Сонымен қатар биылғы оқу жылында Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында Облыстық жемқорлық. net бейнероликтер эстафетасы аясында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатынан эстафета кезеңін қабылдап, қала мектептері эстафетасын жалғастырушы болып, оқушылар адалдыққа шақыратын бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жарияланды. 
🟢 Адалдыққа, еліміздің  патриоты болып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу шаралары тек   мектеп жанында емес, одан тыс  мекемелерде де жүзеге асуда. Соның  бірі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы бірлескен, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын ұйымдастырды. Байқауға 12 аудан, Орал қаласынан және облыстық мектептерден барлығы 144 отбасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының оқушысы Мұрат Ерасылдың отбасы, яғни Гильмановтар отбасы 1-ОРЫНДЫ иеленді.
🟣 Академиялық адалдық қасиеттерін сіңіру, әдептілікке, әділеттілікке оқушыларымызды баулу – ол  ең алдымен  мектеп ұжымындағы ұстаздар  қауымының өнеге-тәрбиесінің көрінісі. Сондықтан, баланы үйрете отырып, алдымен өзіміз үлгі бола білуіміз  маңызды! Осы орайда, білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілердің орын алуын  болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен, кураторлармен үнемі мектепте өтіп жатқан әрбір әдістемелік оқыту семинарлары, жиналыстар мұғалім  мәртебесінің ең бір маңызды  қасиеттерінің бірі  - адалдық  екені үнемі  басты  назарда  айтылады.
🔴 Адалдық – адам баласының бойындағы баға жетпес, кіршіксіз таза, асыл қасиеттердің бірі. Әйтсе де оны ар таразысымен өлшеу –  әркімнің жүрек тазалығына байланысты деп білген жөн. 
Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру әр  мектептің,  ұстаздардың еліміздің жарқын болашағына қосқан үлесі деп білеміз.

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:112851 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:111234 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:112186 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:20773 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:101150 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:113709 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:21165 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Шиганбаев Ерекен Умирзакович

29-09-2023 Hits:20858 Администрация editors

Шиганбаев Ерекен Умирзакович
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:21143 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:20905 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:21028 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz